Мұндай суық соңғы 20 жылда болмаған екен. Бұл туралы қорықтың ғылыми қызметкері Айнұр Баймадиева айтты.
«Ақпанның 20-нан 21-не қараған түні «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы Батпай орман шаруашылығында (Бородулиха ауданы) термометр көрсеткіші -55°C-қа жетті. Ал — 53 градус Тау-Дала тармағының Үлкен орман шаруашылығында (Көкпекті ауданы) тіркелді», — делінген қорықтың әлеуметтік желудегі парақшасында.
Соңғы рет рет мұндай аяз 2018 жылы болды. Ол кезде температура -50 ° C-ді көрсеткен.