«Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары, құлақтандыру жүйесінің сенімділігін және техникалық жарамдылығын тексеру мақсатында 29 қыркүйекте, сағат 12:55-те дабыл қағылады. Құрылғыны тексеру барысында халықтан дүрлікпей, қорықпай, САБЫР САҚТАУДЫ сұраймыз», — делінген баспасөз ақпаратында.
ТЖД баспасөз хатшысының айтуынша, дабыл қағу арқылы халықты «Баршаның назарына» деп аталатын сигналға ден қою тәртібіне дағдыландыру да мақсат етіліп отыр. Аталған уақытта 30 секунд бойы сирена ойнатылып, жалпыға бірдей естілетін дыбыс құрылғысы арқылы департамент өкілдері сөз сөйлейді.