Күдіктілер өздерінің алаяқтық әрекеттері үшін WhatsApp мессенджерінің мүмкіндіктерін пайдаланып, онда бір аптаға жуық уақытқа созылған арнайы чат құрған. Жәбірленушілер банктердің бірінің арнайы шотына 10 мыңнан бастап 100 мың теңгеге дейін ақша жіберіп отырған. Бастапқыда уәде етілген пайданың 50-70%-ы алып отырған. Кейін жіберілген үлкен сома қайтарылмаған.
«Талдықорғандағы шоттан ақшалай қаражат алынғаны белгілі болды. Осыған байланысты жәбірленушілердің арыздары Жетісу полициясында ресми түрде тіркелді. Деректер бойынша тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөліміне (Алаяқтық) сәйкес, Талдықорған қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілді», — деді Жетісу облысы полиция департаменті тергеу бөлімінің аға тергеушісі Азамат Тынысбаев.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес келтірілген залал 5 млн теңгеден астам. Полиция департаменті, бұған қоса, қылмыстық істе елдің әр өңірінде тұратын 20-дан астам адам болғанын ескеріп, фактілерді тергеу бір жылдан астам уақытты алатынын ескертті. Қазіргі уақытта айыптау актісі қылмыстық істі сотқа жіберу үшін дайындалған.