Мерекелік күннің басты сәті – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі. Ол облыстың барлық аудан-қалаларында бір мезетте өтеді.
- Қонаев қаласында ту көтеру рәсімі 25 қазан күні сағат 11:00-де Орталық алаңда басталады.
- Еңбекшіқазақ ауданында шара сағат 11:15-те Есік қаласындағы Т. Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің алаңында өтеді.
- Талғар ауданында тұрғындар үшін сағат 11:00-де Талғар қаласының Абай көшесіндегі Жастар саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.
- Балқаш ауданында Мемлекеттік Ту сағат 11:30-да Бақанас ауылындағы «Аманат» партиясы алаңында көтеріледі.
- Райымбек ауданында рәсім сағат 11:30-да Нарынқол ауылындағы аудан әкімдігі алаңында өтеді.
- Жамбыл ауданында Ту көтеру салтанаты сағат 11:30-да Жамбыл ауылының орталық алаңында жоспарланған.
- Ұйғыр ауданында шара сағат 11:00-де Шонжы ауылындағы Әл-Фараби көшесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені алаңында өтеді.
- Іле ауданында тұрғындар сағат 11:00-де Өтеген батыр ауылындағы Ту тұғыры алаңында жиналады.
- Қарасай ауданында Ту көтеру рәсімі сағат 11:30-да Шамалған ауылындағы Ту тұғыры алаңында ұйымдастырылады.
Сонымен қатар мереке аясында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді.
Алатау қаласында Республика күні құрметіне арналған «Алтын тай» бәйгесі 25 қазан күні сағат 12:00-де Жетіген шағынауданындағы атшабарда өтеді.
Кеген ауданында мереке қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 24 қазан күні сағат 11:00-де, ал келесі күні 25 қазан сағат 11:00-де орталық алаңда Ту көтеру рәсімі өтеді.
Барлық аудандар мен қалаларда өтетін бұл шараларға тұрғындар мен қонақтар еркін қатысып, Республика күніне арналған ортақ мерекелік көңіл күйді бірге сезіне алады.





