«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, кең ауқымды солтүстік-батыс антициклонның әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Ал республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстіктің таулы аудандарында атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, елдің оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жел күшейеді, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамынша, түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус, орталығында 25 градус қатты аяз болады.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде жане таңертең аздаған қар жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -17-19°С, күндіз -8-10°С болады.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -12-14°С, күндіз -3-5°С болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жане таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -13-15°С, күндіз -1-3°С болады.