«Мәселе бақылауда. Ресейден 200 мыңнан астам азамат кірді. Бірақ бүгінгі таңда 147 мыңы Қазақстан шекарасынан шығып кетті. Дәл осы жариялаған (мобилизация) кездері үлкен кептеліс болды. Кіру мәселелері. Кешеден бастап бұрынғы қалпына келіп отыр», — деді Марат Ахметжанов.
Оның айтуынша,кешеден бері 7 мыңнан аса азамат (ресейлік) кірді. 11 мыңға жуығы шығып кетті. Келіп жатқандар шығып жатыр. Қазіргі уақытта екі елдің шекарасында ары-бері өткен азаматтарға ешқандай шектеу қойылмайды.