Бұл — өңірдің соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштерінің бірі.
Жиналған өнімнің басым бөлігі, 175 мың тоннасы, мал азығына бағытталды. Сонымен қатар, 94 мың тонна жүгері өңдеуге жіберілсе, 1,3 мың тоннасы келесі жылғы егіс жұмыстарына сақталды. Негізгі өңдеуші кәсіпорындар қатарында «Жаркент крахмал-патока зауыты» (78 мың тонна), «АзияАгроФуд» (60 мың тонна) және «Көк Теңіз» (14 мың тонна) бар.
Жүгерінің орташа сатып алу бағасы тоннасына 55-60 мың теңге аралығында болды, ал құс фабрикалары оны килограмына 74 теңгеден сатып алды.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында облыста жүгері өңдеуге субсидия бөлінуде. 2024 жылы осы мақсатқа 1,5 млрд теңге қарастырылып, фермерлерге өңдеуге тапсырылған әр тонна өнім үшін 18 мың теңге өтемақы төленді. Сондай-ақ, аймақта 102,6 мың тонна астық сақтай алатын үш лицензияланған қойма жұмыс істейді.
«Алматы облысында жүгері өндірісінің тұрақты өсуі — дұрыс жүргізілген аграрлық саясаттың, фермерлерді қолдаудың және заманауи технологияларды енгізудің нәтижесі. Өңір елдегі басты астық өндірушілердің бірі болып қала береді. Ал келесі жылы біз егістік алқаптарын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», — деді облыс әкімдігі.
Келесі жылы Алматы облысында жүгері егістік алқаптары 52,6 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға артық. Бұл шешім өңірдің елдегі астық нарығындағы орнын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.