«1974 жылы Қапшағайда балық өсіретін 2 шаруашылық ашылды. Шаруашылықта қызмет ететін мамандар екі ауыл болып, жүгін жинап, Батыс Қазақстаннан көшіп келген. Аталарымыз өндірісті дамыту үшін сондай тәуекелдерге барған. Балық шаруашылығын дамыту біздің де жоспарымызда бар», — деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, келесі жылы балық шаруашылығын дамытуға ниетті азаматтарға 500 млн тг субсидия қарастырылады.
«Қазір кім қайда көшемін, қандай бизнеспен айналысамын десе де өз еркі. Біздің мақсатымыз — әр идеяға, старт-ап жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Алматы облысына жасаған іс-сапары барысында 2030 жылға дейін балық өнімін 25 мың тоннаға жеткізу керектігін айтқан болатын.
Бұған дейін Қонаевта баррамунди балығын өсіретін зауыт салынып жатқанын жазғанбыз.
https://www.alataunews.kz/ajmaq/qonaev-qalasy-mangynda-barramwndi-balyghyn-oesiretin-zawyt-salynyp-zhatyr/