Талдықорған қалалық сотының үкімімен Құрманғалиевамен қатар бухгалтерлер А. Мұратова мен А. Қалабаева, сондай-ақ «Қазпошта» аудандық бөлімшесінің бастығы А. Такен де кінәлі деп танылып, әрқайсысы 7 жылға сотталды.
Тергеу мәліметінше, олар білім бөлімі қызметкерлерінің есепшоттарына артық жалақы аудару арқылы 1,6 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Сонымен қатар, «Айдана» балабақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Н. Балғабаева мен Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаев пара беру мен пара алуға әрекеттенгені үшін айыпты деп танылып, тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Барлық сотталғандар өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.