Мамандардың мәліметінше, облыстың таулы аудандарында күндіз қалың қар жауады деп болжанып отыр. Оңтүстік және таулы аймақтарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 18–23 метрге дейін жетуі мүмкін.
Ал Қонаев қаласында тұман түсіп, солтүстік-шығыс бағыттағы жел 18–23 м/с жылдамдықпен соғады деп күтілуде.
Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақ болып, ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.





