Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тұрғындарға МӘМС жүйесінің маңыздылығы түсіндірілді

Мөлдір Иманмади
11.11.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тұрғындарға мемлекет мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында «Кеңес орталығы» жобасы жалғасын тапты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Шара аясында Қонаев қаласының халық көп шоғырланған орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы жолғы «Кеңес орталығы» жобасының ерекшелігі – ақпараттық жадынамалар таратылып, қатарға жаңа ұйым қосылды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының сарапшылары тартылды. Қор мамандары МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтың мүмкіндіктерін түсіндірді. Халықтың денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдары көп болды. Сарапшыларға көптеп келіп, өздерін толғандырған сұрақтарын кезек-кезек қойды.

«Біз бұл жобаға алғаш рет қатысып тұрмыз. Басты мақсатымыз – халыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндіру. Бүгін халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бердік. МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтың мүмкіндіктері, емхана деңгейінде оңалту алу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу, шетелде емделуге кімнің құқығы бар, осы мәселелер төңірегінде ақпараттандырдық», — дейді түсіндіру жұмыстарын жүргізген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы облыстық филиалының бас сарапшысы Әкімбек Саурықбаев.

Бұдан бөлек, шараға екінші деңгейлі банк, яғни «Отбасы банк» АҚ қызметкерлері де қатысты. Олар көпке тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған шараларды жеткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара облыс тұрғындарына жан-жақты бағдар беруді көздейді.

«Шара мақсаты — жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, олардың денсаулығын нығайту, қаржылық сауаттылықтарын арттыру және өз құқықтарын білуге шақыру. Біз өз тарапымыздан жас буынға мемлекет мүмкіндіктерін түсіндірдік. Жадынамалар тараттық. Ал өзге тартылған әртүрлі ұйым мүшелері өз саласы төңірегінде халықпен тілдесті», — дейді Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Мадина Оспанова.

Ұйымдастырушыоар «Кеңес орталығы» жобасы аймақта әр апта сайын өткізілетінін айтады. Алда өзге де сала мамандары тартылып, халыққа кеңінен ақпараттық жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz