Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мемлекеттік қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мөлдір Иманмади
11.11.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тартуы туралы шағымды қарады, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган, яғни Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, талдау және мониторинг негізінде бұзушылықтарды көрсету кезінде олардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірлейді.
Шағымда Іле ауданының жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізсіздігі көрсетілген.
Департамент лауазымды тұлғалардың түсіндірмелерін сұратып, іске қатысты қажетті материалдарды Жер кодексінің нормаларына, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкестігін зерделеді.
Әкімшілік органдар әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағаны және шағымданған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негізсіз болып табылғаны анықталды.
Департаменттің әрекет етуінен кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 14-бабына сәйкес, сондай-ақ Кодекстің 100-бабы 2-бөлігінің 2-абзацына сәйкес бұзушылықтар жойылды және көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz