Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Кеген ауданында қуатты ет комбинатының құрылысы аяқталды

Мөлдір Иманмади
03.11.2024
Мақала


«КегенМясоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Кеген ауданы Тасашы ауылында салынған өндіріс ошағында жобалық құны 2,5 млрд. теңге болатын бордақылау алаңы бар және 50 тұрақты жұмыс орны ашылады. 


Зауыт өңір тұрғындарын ет өнімдерімен, шұжық және консерві өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Жобалық қуаты 1 ауысымда  40 бас ірі қара мал, 150 бас ұсақ мал және 10 бас жылқы сойылады. Шұжық цехы  1,5 тонна шұжық өнімдерін, консерві цехы ауысымына 1000 банка өнім шығарады.

Қазіргі уақытта, құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталды. Құрылғылары толығымен сатып алынып, құрылғыларын тексеріп көру мақсатында 2 бас ірі қара малы сойылды.


Бұл жоба Кеген, Нарынқол, Ұйғыр ауданы мал шаруашылығымен айналысатын аумақ болғандықтан осындағы халықтың әл ауқатын көтеру үшін салынды. 

Облыс әкімдігі мен Кеген ауданы әкімдігінің қолдауымен және “Bazis” корпорациясының күшімен іске асырылды», — деді Bazis компаниясының құрылысшысы Баймолдаев Тоқтар Асқарұлы.

Жоба жетекшілерінің айтуынша, зауыт толық бітті енді жобаны әрі қарай жүргізу үшін комбинат күшіне ену керек екен. Яғни, халықты жұмысқа тартып ет өнімдерін шығару шұжық, консервіленген өнімдер, жүн өңдеу, тері өңдеу сияқты салаларға оқыту қажет. Сол үшін біз жастарды осындай еңбекке баулу керек деп ойлаймыз. Әрі Қазақстанның білікті мамандарын да осы жаққа тарту керек. 

Қазіргі уақытта, мал соятын техникалар мен техникалық желілерді сынақтан өткізіп, өндірістік қауіпсіздік сертификаттарын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, ет комбинатының құрылыс жұмыстары 2022 жылы директоры  Тоқтарбек Асқарұлы Баймолдаевтың жеке қаржысы есебінен басталған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Алматыда мас күйінде рөлге отырған әйел бес жылға сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

«Көкпек – Кеген» автожолының бір бөлігін сел суы шайып кетті

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Марат Сұлтанғазиев ауыл әкімдеріне маңызды міндеттер жүктеді

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Халықаралық жастар күні: жастар – ел болашағының берік негізі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz