АЭС құрылысында алдыңғы қатардағы заманауи технологиялар қолданылады. Қандай?
Осы және басқа да сұрақтарға Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы — Ержан Бейбітұлы жауап береді.
- Қазіргі уақытта өңірде электр энергиясының тапшылығы қандай?
Қазіргі уақытта, Алматы облысы жалпы энергия қолдану көрсеткіші 600 мВт құрайды. Ол тәулік уақытына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, күндіз электр қуатын пайдалану күндіз төмендейді, ал кешке қарай артады. Жалпы энергия тапшылығына келетін болса, Алматы облысының өзінің өндіретін энергия көрсеткіші ол 300 мВт құрайды. Яғни керекті электр энергиясының 50%-ы өзімізде өндіріледі. Ал қалған 50% жеткіліксіз.
- Бұл тапшылық импорт есебінен жабылады ма?
Қазақстанға электр энергия жетпеген кезде, Ресей және Өзбекстан мемлекетінен импортталады. Энергияның өзінің балансы болады. Ол тәуліктің әр уақытында энергия қолданудың әртүрлі көрсеткіші. Мысалы, күндізгі уақытта энергия қолдану ең төмен деңгейде болса, кешкі сағат 7-ден түнгі 10-ға дейін ол максималды шегіне жетеді. Сол уақытта, Қазақстан басқа мемлекеттерден сатып алады.
- Энергияны тұтынудың өсу динамикасы қандай?
Динамика өсіп келеді. Энергия тапшылығы артып келеді. Жаңа энергия көздері бұл динамиканың орнын баса алмайды. Мысалы, Алматы облысын алатын болсақ, біздің былтырғы жылы пайдаланған энергия көрсеткіші 550-580 мВт құраса, осы жылы біз 600 мВт-тан астық.
- Алматы облысында АЭС салу проблеманы шеше алады ма?
АЭС энергетика саласындағы мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар. Тек қана энергетика саласы ғана емес. Бүкіл экономикаға мультипликативті әсерін тигізеді. Себебі, АЭС салу жаңа экономикалық қадамға жол ашады. Атом электр стансасының маңына жаңа қала салынып жаңа жұмыс орындары пайда болады. Сонымен қатар, жаңа мамандар әзірленеді. Одан бөлек, жаңа өнеркәсіп орындары мен зауыттар ашуға да мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстанның экономикасына үлкен үлесін қоспақ.
- Қазіргі заманғы АЭС терде қауіпсіздік мәселесі қалай шешілді?
Қазіргі замандағы атом электр стансаларына келетін болсақ, стансаларда ең бірінші қағида ол қауіпсіздік. МАГАТЭ деген үлкен бүкіләлемдік ұйым бар. Қазақстан МАГАТЭ-нің құрамына кіреді. АЭС салмас бұрын қауіпсіздік бойынша 19 тұжырымдама бар. Соның барлығынан тексерістен өтпегенше МАГАТЭ атом электр стансасының құрылысына рұқсат бермейді. Бұл ұйым ең алдымен қауіпсіздікті қадағалайды. Біраз жылдар бұрын Чернобыль мен Фукусимадағы апаттан кейін АЭС құрылысы жайлы сөз қозғалғанда қорқыныш туатыны рас. Бірақ олардың бірі адами қателік, ал екіншісі табиғи фактордан болған жарылылыс.
Ол кездегі реакторлар мен Қазақстан аумағында салынуы мүмкін АЭС-ті салыстыруға келмейді. Себебі, реактордың типтері әртүрлі. Сондықтан қауіпсіздік жағынан еш күман болмауы тиіс.
- Қазақстан АЭС салушы тараптарға тәуелді болады?
Жоқ. Себебі атом электр стансасының құрылысын жергілікті компаниялар жүзеге асырады. Ал реакторларды шетелдік мамандандырылған кәсіпорындар салады. Мысалы, 4 инвестордың арасында қайсы таңдалады. Солар тек қана құрылысына және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерді оқытып, кейіннен толықтай Қазақстанға қызмет етуге өткізіп береді.
АЭС тек энергия ғана емес, АЭС — жаңа жұмыс орындары, жаңа технологиялар мен жаңа мүмкіндіктер!
Ендеше, 6 қазан күні өтетін референдумда дұрыс таңдау жасап, кемел келешекке бірге қадам басайық!