Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алматы облысының тарихы мен мәдениеті ұлықталды

Мөлдір Иманмади
10.09.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында құрылған «Көшпенділер Әлемі» этноауылында Алматы облысының 3 киіз үйі тігілді. Қазақ үйлердің бірінде өлкеміздің туристік орындары: Есік қаласынан табылған «Алтын адам», Көлсай, Қайыңды көлдері, Шарын шатқалы, Қапшағай су қоймасы туралы ақпарат берілді.

Одан кейінгі киіз үйде облыс музейлерінің қатысуымен «Көшпенділер ғаламаты» атты көрме ұйымдастырылды. Мұнда қола дәуіріне жататын артефакттардан бастап Таңбалы тас петроглифтері, Сақ мәдениетінің бірегей жәдігерлері және өңір аумағынан табылған түрлі бұйымдар халық назарына ұсынылды.

Ал үшінші киіз үйде көпшілікке облыстың тарихи тұлғалары таныстырылды. Мұнда Жамбыл Жабаев, Д.Қонаев, Б.Соқпақбаев және М.Мақатаев сынды қайталанбас өңір тумаларының жеке заттары, жәдігерлері көрсетілді. Оған қоса Алматы облысының этнографиялық бұйымдар көрмесі қойылды.

Шараның алғашқы күндері Алматы облысының аймағына ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебаев, ҚР Президентінің көмекшісі Руслан Желдібай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бастаған бірнеше делегация арнайы келді.

«Біздің аймаққа ҚР Парламентінің Сенат депутаты Жанболат Әкебайұлы, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары Жанарбек Садықанұлы және Ринат Рифхатұлы, сондай-ақ Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Сұлтанұлы бастаған ел ағалары келді. Киіз үйлерді аралап, өз бағасын берді. Қонақтар легі үзілмей, ыстық ықыласпен келіп жатыр. Бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне ел болып ат салыстық. Бәріміздің мақсатымыз — ұлт мәдениетін кеңінен насихаттап, ерекше тұстарын таныту», — деді Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев.

Бұған қоса Алматы облысының өнерпаздары көшпенділер ойындарының бас сахнасында
жиналған жұртқа еліміздің төл өнерін паш етті. 8-қыркүйек күні ұйымдастырылған гала концертте «Қобыз сарыны», «Құлансаз», «Сазген» және «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблдері, «Құлансаз» би ансамблі, «Топжарған» өнерпаздары, «Ақжауын» камералық оркестрі өнер көрсетті. Сонымен қатар, өңірдің елге танымал Рамазан Стамғазы, Ұлжан Айнақұлова, Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, Медет Орынбаев,
Өмірқұл Айниязов сынды тағы да басқа әншілері ән шырқады. Ұлттық аспаптардың ерекше үні әуелеп, қазақ ән және би өнері дәріптелген концертті 1500-ге жуық көрермен тамашалады.

Айта кетейік, аталмыш шарада Алматы облысының тарихы, мәдениеті мен спорттық жетістіктерін таныстыру жұмыстарына 300-ден аса адам қатысуда.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz