Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тайландқа визасыз 30 күн: Қазақстан келісімді бекітті

Үкімет 2024 жылдың 14 тамызындағы Қаулымен Бангкокта 2024 жылдың 23 сәуірінде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мөлдір Иманмади
20.08.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Келісім бойынша, қолданылу мерзімі кемінде алты айға жарамды жол жүру құжаты бар бір мемлекеттің азаматы екінші тараптағы мемлекеттің аумағына келу, кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан келген күнінен бастап 30 күнге босатылады. Осылайша, 180 күнтізбелік күннің әр кезеңінде 90 күннен аспауы тиіс.

Егер екі ел азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағында 30 күнтізбелік күннен артық болғысы келсе, он тиісті виза алуы қажет.

Бұл ретте Келісім тараптарының әрқайсысы өзінің заңдары мен ережелеріне сәйкес өзінің мемлекетінің аумағында қалаусыз деп санауы мүмкін екінші Тарап мемлекетінің азаматына кіруден бас тарту не олардың болуын қысқарту немесе тоқтату құқығын өзіне сақтайды.

Бірақ, екі тарап та өзіндік заңнамалары мен ережелеріне сәйкес, өзге ел азаматына келуге рұқсат бермеу немесе мерзімін қысқарту я тоқтатуға құқылы.

Сондай-ақ, мәтінде әр елдің азаматтары өзге ел аумағында болған кезде олардың заңнамасы мен ережелерін құрметтеуі керек делінген.

Қаулы 14 тамыздан бастап күшіне енді.

 

Фото: phuketdiving.center
Тегтер: Басты жаңалықтарвизатайланд

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz