Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады.
1 қыркүйектен бастап несие алудан ерікті түрде бас тартуға байланысты қорғау жүйесі күшіне енеді. Қазақстан азаматтары үшін мұндай құқық заң жүзінде 2024 жылдың ақпанда енгізілді. Осы заңнамалық норманың жеті айында 400 мыңға жуық азамат алты ай мерзімге несие алудан өз еркімен бас тартуды ресімдеді.
Банк немесе МҚҰ несиелік бюролардан деректерді сұрай отырып, шектеу белгісін көреді және автоматты түрде клиентке қарыз бермеу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте шектеу ломбардтарға, сондай-ақ өз клиенттерінің кредиттік тарихын бағаламайтын басқа ұйымдарға қатысты емес.
Осылайша, 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қарыз алушы кредитті ресімдеуге ерікті бас тарту болған кезде кредиттік ұйым берген кредитті өтеуден босатылады.
Сонымен қатар, тағы бір жаңалық. 2024 жылдың1 қазанынан бастап заңмен банктер мен МҚҰ кредитті ресімдеуге келіп түскен өтініштер бойынша мәліметтерді нақты уақыт режимінде кредиттік бюроға беру міндеті енгізіледі. Мұндай норма «кредиттік шопинг» деп аталатын – бір мезгілде бірнеше кредиттік ұйымдарда қарыздарды ресімдеуді болдырмау үшін белгіленді.
Айта кетейік, Антифрод — орталықты құру жөніндегі жоба құқық қорғау органдарымен және қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп іске асырылды. Бұл қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылған технологиялық платформа. Антифрод-орталықтың жұмысы алаяқтық операциялар бойынша, оның ішінде тиісті таңбалаумен күдікті операциялар бойынша нақты уақыт режимінде қаржы нарығының субъектілері арасында деректер алмасуды қамтиды.
Бұдан былай қаржы ұйымдары алаяқтық операцияларды бірден анықтап, бұғаттай алады, алаяқтық белгілерімен операцияларға жедел әрекет ете алады, оның қатысушылары арасында нақты уақыт режимінде ақпарат алмасады.
ҚР Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша, платформа іске қосылған сәттен бастап қаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары алаяқтық операциялар бойынша 400-ге жуық қылмыс анықталып, алаяқтық әрекеттерге байланысты шамамен 30 млн теңгенің қаражаты бұғатталды.