Тұрғындардың бірі бекітілген ауылдық округтің Бас жоспарына қатысты наразылығын білдірген.
Оның жер учаскесі қызыл сызықпен өтетіні белгілі болған. Осыған байланысты тұрғын мен ауылдық округ әкімінің арасында жанжал орын алған.
Ауылдық округінің әкіміне қатысты Талғар ауданының әкімдігі мен Талғар ауданының полиция басқармасы тарапынан қызметтік тергеу жүргізуде. Әкімнің кінәсі расталған жағдайда оның жауапкершілігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады.
23 шілде күні тұрғын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімі аппаратының басшысына қабылдауына барады.
Барлық мемлекеттік қызметшілерді ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын орындауға шақырамыз.