Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 2023 жылы мүгедектігі бар адамдар үшін 218 нысан бейімделді

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы Алматы облысында 218 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Мөлдір Иманмади
15.07.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Getty Images Russia

Фото: Getty Images Russia

Қазіргі уақытта елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023–2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

Жобада қолжетімділіктің интерактивті картасы сайтына енгізілген ел бойынша бейімделуге тиіс 35 мыңнан астам басым объектілер айқындалды. 2021 – 2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023 – 2027 жылдар кезеңінде жыл сайын кемінде 5 мың объект (5 жылда 27 мың) бейімделуі тиіс. 2021 – 2022 жылдарды қоса алғанда, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 13 857 объект осы талапқа сәйкестендірілді.

Алматы облысында 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар 218 нысанда мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін бейімдеу жүргізді.

«Жалпы қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жайлы орта қалыптасып, барлық мүмкіндіктер жасалуда. Ғимарат иелері объектілерді құрылыс нормаларына сәйкес келтіру үшін барынша жұмыстар жасауда. Кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер шағымдар мен ұсыныстарды ескере отырып кіреберістерді жаңғыртудан өткізіп жатыр. Мысалы, қалалық емханаға барған кезде мекеменің қолжетімділігі, есіктердің өлшемдерінің сәйкестігі көңілге қуаныш ұялатты. Қонаев қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының ғимаратына және «Бәйтерек» бизнес-орталығына тұрақты барамын, онда кіреберіс алаңы кең және ғимаратқа кіретін есіктері ыңғайлы жасалған, мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы касса, тактильді плиткалар және көрсеткіштермен жабдықталып, электр көтергіш де қарастырылған. Бұл қала тұрғындарының, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың ең көп баратын орындары», – деді бірінші топ мүгедектігі бар Қонаев қаласының тұрғыны Лаззат Салықова.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2023 жылы мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 95 тексеру жүргізді, оның ішінде: 29-ы жоспардан тыс тексерулер, 60-ы профилактикалық бақылау шеңберінде және прокуратураның талабы бойынша 6 – тексеру.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 85 ұйғарым берілді, 3,6 млн теңгеден астам сомаға 44 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана беріледі. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда ғана айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz