Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстандағы ең алмалы ауыл — Алматы облысында!

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қаратұрық ауылдық округі «Алмалы бақтың» ауданы бойынша, облыс бойынша, демек сәйкесінше, Қазақстан Республикасы бойынша бірінші орында тұр. Шағын ғана ауылдың болашағы зор, деп хабарлайды alataunews.kz

Мөлдір Иманмади
11.07.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алма өсіруде заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданады. Мысалы, тамшылатып суару және т.б. Жиналған өнім Қазақстанның барлық аймақтарына және көрші шетелдерге экспортталады екен.

Жалпы Қаратұрық ауылдық округінде — 13 мың 643 адам тұрады. Қылмыс аз. Тұрғындар барлығына риза. Округте бірнеше ұлт өкілдері мен этникалық топтар өмір сүріп жатыр. Халықтың ауызбіршілігі жоғары деңгейде. Халық санының аздығына қарамастастан болашағы бар ауылардың қатарында. Оған дәлел ауылға 1 млрд-тан аса инвестиция бөлініпті. Округке қарасты, Арна және Лавар ауылдарында жол және түнгі жарықтаныру мәселесі 100% шешіліп қойған. Қаратұрық ауылының өзінде бұл мәселе 68%-ға шешімін тапты.

Шағын және орта кәсіп те қарқынды дамып келеді. 2,5%-ға 5 млн несие  және қайтымсыз грант алып кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны артты. Олар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Нәтижесінде, жылына төленетін салық саны артты. 2023 жылы 48,868 млн салық төленсе, 2024 жылға 59,447 салық көлемі жоспарланып отыр.

Ащысай ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 600 орындық мектеп және спорт кешені салынып жатыр. Бұл үш ауысымда оқу мәселесін шешеді.

Шағын ауыл болса да, үлкен сауда орталығы ашылыпты. Ол жерде киім-керек, асхана, дәріхана, шаштараз, супермаркет, автобөлшектер, сантехникалық заттар және т.б. тіршілікке керектінің бәрі бар. Бұл үшін өңір басшысы барын салуда. Ауыл әкімі Айбек Қасымханұлы халқының тыныштығы үшін барлық өтініш пен арыз-шағымдар бойынша мүмкіндігінше қолынан келгенін жасап отырғанын айтты. Біз де шағымданушы топтарды байқамадық. Мемлекеттік бағдарламаларды ауыл болашағы үшін барынша тиімді пайдаланып, әрбір жобаны өз бақылауында ұстап отыр.

Айта кетейік, Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Ілебаев Айбек Қасымханұлы. 1992 жылы туған. Осы ауданның азаматы. Әкім болып қызметке тұрғанына үш жылға жуықтапты. Үш жылда біраз жұмыстарды атқарыпты. Ауыл деуге ауызымыз бармады. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтің және қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар,  Алматы облысы әкімінің де Алғыс хатына ие болды. 2018 жылы «Көшбасшы» жастар сыйлығының жеңімпазы атанған. Халық алғысы медалін алған екен. Демек лайықты!

Тегтер: Алмалы бақАлматы облысыБасты жаңалықтарең алмалы ауылҚаратұрық ауылдық округі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz