Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта ветеринариялық станцияларға 15 автокөлік кілті табыс етілді

Ветеринария саласы қызметкерлері күніне орай, Қонаевта жаңа көліктердің кілттері табысталып, үздік мамандар марапатталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
11.07.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Ветеринария саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күні сала ардагерлері мен жас мамандарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Іс-шара барысында 4 облыстық, 11 аудандық және қалалық ветеринариялық станцияларға жаңа автомобильдердің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өткізілді.

«Ветеринарлардың жұмысы аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ветеринарлық мамандарға ауыл шаруашылығы өнімдерінің тазалығы үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Облыста ветеринариялық медицина саласына көп көңіл бөлінеді: штаты 1071 қызметкері бар облыстық ветеринариялық станция құрылды; жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация және серологиялық зерттеулер жүргізілуде. Жануарлар мен адамның жұқпалы ауруларының алдын алу үшін өңірде 1500-ге жуық ветеринарлық қызметкер бірлесіп жұмыс істейді. Жыл басынан бері облыста жануарлар мен құстардың 16 түрлі аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар 89% орындалды. Биыл эпизоотияға қарсы іс-шараларға жұмсалатын шығындар 4 миллиард 997 миллион теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26% — ға артық», — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов.

2024 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларға 5 млрд теңге жұмсалады. Жылдан жылға ветеринариялық-санитариялық объектілерді салуға ақшалай қаражат ұлғаюда. Ветеринарлық мамандарға жалақыны көтеру үшін қосымша қаражат бөлініп, жалақы 20% — ға ұлғайтылды. Жалақыны көтеру есебінен шалғай ауылдарда ветеринарлық мамандарды жұмысқа орналастыруға, олардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыру көзделген.

Балқаш ауданы, Құйған ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісі, 38 жыл жұмыс өтілі бар Айгүл Дүйсенбекова Премьер-Министрден Алғыс хат алды.

«Бүгін біз алғаш рет кәсіби мерекемізді атап өтудеміз. Барлық әріптестерімді құттықтап, зор денсаулық тілеп, өз ісіне адал болып қалғанын тілеймін», — деді Айгүл Дүйсенбекова.

Тегтер: Басты жаңалықтарВетеринария күні

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz