2024 жылдың 5 маусымында Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Айым Нурсултанова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну мәселелерін түсіндіру бойынша жиынға қатысты.
Жиын барысында Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты түсіндірме жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.