Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жоғары технологияның көмегімен 9 млн теңгенің отасы МӘМС есебінен тегін жасалды

Алматы облысына қарасты Қарасай аудандық орталық ауруханасында жыл басынан бері жүрек ауруларына байланысты 500-ден аса шұғыл және жоспарлы түрде күрделі оталар жасалған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
02.07.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: freepik.com

Фото: freepik.com

Мұнда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру нәтижесінде науқастар тегіс тегін ем қабылдапты. Мекемеде эндоваскулярлық хирургия бөлімі 2022 жылы ашылған. Соңғы үлгідегі ангиограф аппараты да қойылған. Бүгінде жедел коронарлы синдром диагнозымен келіп түсетін науқастарға тиімді деңгейде көмек көрсетіп отыр. Яғни әртүрлі деңгейдегі инфаркт немесе инсултьпен түскен пациенттерге жоспарлы ота жасалады.

«2023 жылы 750 ге жуық ота жасадық. Жыл басынан 500 ден аса операция жасадық. Өйткені Қарасай ауданында 350 мыңға жуық тұрғын болса, біз тағы Жамбыл ауданынан да азаматтарды қабылдап жатырмыз», — дейді Қарасай ауданы клиникалық көп бейінді орталық ауруханасы эндоваскулярлық хирургия бөлімінің меңгерушісі Орынбасар Тайманұлы.

Міне осындай жедел отаның көмегімен ажал аузынан аман қалған жанның бірі 76 жастағы Қаскелең қаласының тұрғыны — Бахран Дүйсенова. Кейуанаға «созылмалы жүрек шамасыздығы» деген диагнозы қайылыпты.

«Мен келгенде өте нашар болып түстім. Аяғымды баса алмаймын. Жүрегім қатты дірілдеді. Содан дәрігерлер жақсы, тез қабылдап емдеді. Қазір міне жақсымын аяққа тұрдым», — дейді аудан тұрғыны Бахран Дүйсенова.

Ақжаулықты ана дәрігерлердің отаға дер кезінде кіріскеніне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың да себі тиді деп отыр. Ақхалаттылардың айтуынша жалпы құны 9 милион теңгеден асатын операция ол кісіге тегін жасалыпты.

«Бұл апамызға сиердити аппатаратын орнаттық. Бұл ем міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының негізінде жоғары технологиялық көмекті қолдана отырып, операция тегін жасалды. Ал бұл отаның жалпы құнын есептегенде 9 миллион теңгенің шамасын құрайды», — дейді дәрігер.

Айта кетсек, Қарасай ауданында ӘМСҚ қорымен келісімшартқа отырған жекеменшік мекемелер де бар.

Тегтер: МӘМС

Соңғы жаңалықтар

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

Интернет алаяқтықтан сақтану – қауіпсіздіктің маңызды шарты

Акжаркын
14.10.2026

Зиянды әдетке жол жоқ: есірткімен күрес

Акжаркын
14.10.2026

Заң үстемдігі – әділетті мемлекеттің тірегі

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz