Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Арнайы әлеуметтік төлемдер кімге және қандай шартпен беріледі?

8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Биыл жыл басынан бері 8 476 азаматқа зиян еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл төлемге 9 255 адам өтініш білдірген.

«Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 840 адам жүгінді, оның ішінде 2 730 адамға тағайындалды. Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 6 415 адам өтініш білдіріп, оның 5 746-сына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлем алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды ​​(2 көзден – 492 адам, 4 көзден – 1 166 адам), Қостанай (2 көзден – 318 адам, ал 4 көзден – 876 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден – 248 адам, ал 4 көзден – 882 адам) облыстарында тіркелген.

Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зиян еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.

Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымы болуы — міндетті шарт. Ол зейнет жасына дейін төленеді.

Тегтер: әлеуметтік төлем

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz