Облыстың ұлттық парктеріне инженерлік және жол инфрақұрылымын жүргізу үшін 11 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып жатыр.
2021 жылы жобалау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 165 млн. теңге бөлінді:
– Қайыңды көлінде нығайтатын бөгет салу үшін 111 млн. теңге бөлінген. Аталған жұмыс осы жылдың қыркүйегінде бітеді.
– Саты ауылынан Қайыңды көліне апаратын жолдарды жаңартуға 15 млн. бөлінген.
– әлемде атақты екі шатқал болса, соның бірі – Шарын шатқалы. Аталған туристік жерге апаратын жолды орташа жөндеу үшін 34,4 млн. теңге бөлінді.
Ал бүгінгі таңда қолданысқа берілген жобалар:
– Сарыбұлақ ауылынан «Алтын Емел» саябағына дейінгі 12 км қиыршық тас жолы жөнделді, бөлінген қаражат 65 млн. теңге.
– жергілікті бюджет қаражаты есебінен бес ұлттық паркте 685 км. туристік маршруттар бөлініп, соқпақтар жасалды. Жалпы, саны 442 бірлік ақпараттық қалқандар, көрсеткіштер, күркелер, орындықтар және қоқыс контейнерлері орнатылды. Бұған бюджеттен 52,5 млн. теңге бөлінді.
2022 жылы жергілікті бюджеттен құрылыс-монтаж жұмыстарына 1,6 млрд. теңге бөлінді:
– Саты ауылынан Құрмет ауылына дейінгі 7 км. автожол Көлсай көліне кіреберісі жасалды. ҚМЖ жалпы сомасы – 806,4 млн.
– Саты ауылынан Қайыңды көліне дейінгі автожолдың 12 км-не 987 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аяқтау мерзімі – 2022 жылғы қараша айына жоспарланған.
– Шеңгелді – Қапшағай а/з автожолының 24 км. «Алтын Емел» ұлттық паркіне кіреберіс 400 млн. теңге бөлінді. Техниканы жұмылдыру аяқталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Аяқтау мерзімі – 2022 жылғы желтоқсан.
Сондай-ақ, Асы үстіртіне дейін «Түрген-Обсерватория» қара жолының 14 км. ЖСҚ әзірлеу үшін есептеулер жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Алматы қаласындағы «Қазгидромет» РМК, «Шарын» МҰТП және «QazaqGeography» РҚБ бірлесіп «Шарын» ұлттық паркінің аумағында автометеостанция орнатылды.