Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ Алматы облысы

Жатыр мойыны обыры жыл сайын жасаруда

Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының гинеколог-онколог дәрігері Ақтолқын Мамадиярова жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.06.2024
Алматы облысы, Жаңалық, Қоғам

Маманның айтуынша, дерттің негізгі себебі, жыныстық жолмен берілетін-папиллома вирусы. Вирустың 100-ден аса түрі бар, соның ішінде 14-і онкогенді саналады. Әсіресе, ең қауіпті 16-шы және 18-ші түрі.
Спикердің айтуынша, вирус симтомсыз дамиды. Ауру белгілері байқалса, бұл бірінші немесе төртінші сатысынан хабар береді деген сөз. Көбіне жатыр мойнының обырына 45-50 жастағы әйелдер шалдығады. Дәрігердің сөзіне сүйенсек, соңғы уақытта бұл ауру жас әйелдерден де анықталып жатыр .Сондай-ақ,онкогенді папиллома вирусы тік ішек,бас және мойын обырына алып келуі ықтимал.

«Менструалды кезеңнен тыс уақытта қан кету жатыр мойны обырының негізгі белгілерінің бірі болып саналады. Сонымен қатар иісі жағымсыз ақшыл бөлініс, іштің төменгі жағының аурулары, салмақ жоғалту, шаршаңқылық және кейде зәрде қан пайда болуы да осы ауру белгілеріне тән», — дейді дәрігер.

Онкологтың сөзінше, ісіктің белгілері көп жағдайда байқалмайды.Сол себепті 25 жастан асқан қыздарға жыл сайынғы скринингтен өтіп тұру қажет. Ал,вакцина-аталмыш дертке шалдықпаудың кепілі. Өйткені, вакцинациядан кейін жатыр мойны обырына тұрақты иммунитет қалыптасады. Осы жылдың 2 тоқсанынан бастап 11 жасар қыздарға вирусқа қарсы екпе жүргізілуде. Екпе екі кезеңнен тұрады. Біріншісі қыз бала 11 жасқа толғанда, екіншісі бір жылдан кейін жасалады. Вакциналау ұлттық екпе кестесіне енгізілді. Бірақ , екпе ата-ананың рұқсатымен ғана салынады.

Жалпы әлемдік статистика бойынша жыл сайын жатыр мойны обыры шамамен 600 000 жаңа жағдайы тіркеледі, ал Алматы облысы бойынша былтыр 120 дан астап әйел адам тіркелесе, биыл жыл басынан есепке 60 әйел алынған.

Тегтер: дәрігер

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz