Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жүкті әйелге бір сәтте екі ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ЛОР дәрігерлері мен акушер-гинекологтары жүкті әйелге бір сәтте қос ота жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
12.06.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: amkb.kz

Фото: amkb.kz

Келіншек ауруханаға мұрынның сол жақ бөлігінен тыныс жетіспеушілігі және қан кету шағымдарымен түскен.

«Шелек ауылының 38 жастағы тұрғыны бізге мұрыннан қан кетумен түсті. Айтуынша, соңғы екі айда тыныс алудың жетіспеушілі, бас ауруы, мұрыннан қан кету мазалап келген. Бастапқыда ораумен тоқтатуға тырыстық, бірақ оның жағдайын ескере отырып, шұғыл консилиум өткіздік», — дейді ЛОР бөлімінің меңгерушісі Әсел Иманғалиева.

Тексеру кезінде дәрігерлер мұрын қуысында өсіндіні анықтаған. Кеңестен кейін бір уақытта кесір тілігін және өсіндіні алып тастау туралы шешім қабылданыпты.

«Жүктіліктің 36 аптасында болды. Барлық көрсеткіштер қалыпты еді. Сондықтан біз ЛОР дәрігерлерімен бірлесе ота жасауға бел будық. Қазір науқас өзін жақсы сезінеді. Нәрестесімен бірге ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Барлық ем-дом МӘМС аясында тегін жүргізілді», — дейді акушер-гинеколог Гүлжахан Жұмадуллаева.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz