Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына заң жүзінде тыйым салынды

5 маусымда мәжіліс депутаттары букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
06.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам
Фото: championat.com

Фото: championat.com

Жаңа заңға сәйкес, букмекерлік кеңселер мен лотерея жарнамасын ғимараттар мен құрылыс қоршауларына және көліктерге ілуге болмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында, кино мен видеода, анықтама қызметтерінде де оларды жарнамалауға тыйым салынады. Заң ұялы байланыс операторларына электронды казино, онлайн-казино, құмар ойындар мен бәс тігу жарнамасы бар хабарламаларды жіберуге тыйым салады.

Бірақ букмекерлік кеңсе орналасқан жерде, спорт ғимараттары ішінде, спортшы жабдықтарында, спорт туралы теле-радиоарналар эфирінде, спорт тақырыбын қозғайтын интернет-ресурстарда әлгіндей жарнамаға рұқсат етіледі. Қазақстандық телеарналар халықаралық спорт жарыстарын тікелей эфирде көрсеткенде букмекерлік кеңсе мен ұтыс ойынын жарнамалай алады.

Құмар ойындарға тәуелділікпен күрес туралы заң аясында электронды казино мен онлайн-казино қызметін ұйымдастырғаны үшін заңды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

  • 2000 АЕК (7 384 000 теңге) көлемінде айыппұл салу;
  • 600 сағатқа дейiн қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • екi жылға дейiн бостандығын шектеу;
  • мүлкін тәркілеп, екі жылға бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған.

Енді букмекерлік кеңселер өздерінің аппараттық-бағдарламалық жүйелерін Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қаржы мониторингі агенттігінің қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен біріктіруге міндетті болады. Осылайша мемлекет олардың барлық қаржылық операциясын көре алады.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағында лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендердің интернет-ресурстарының қызметіне тыйым салынды. Уәкілетті органның шешімімен қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімі жүргізіледі.

 

Фото: tapscape.com

Тегтер: азартБасты жаңалықтарбукмекерлік кеңселерқұмар ойынқұмар ойынға тыйым салатын заң

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz