Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Халық» қайырымдылық қоры балаларды қорғау күнімен құттықтады

Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барша жұрт кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі. Ауыл-аймақ, қалаларда осы күнге арналған түрлі концерттер ұйымдастырылып, тіпті кейбір компаниялар немесе орталықтар аталған күні балаларға арнап арнайы сый дайындайды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Тимур Құлыбаев бастаған «Халық» қайырымдылық қоры құрылған күннен бастап маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді жұмыс атқарып келеді. Осы жылдар ішінде қор 10 мың ауыл балаларын футбол жабдықтарымен қамтамасыз етті, 280 орындық балабақша салды,  50-ден астам балалар мен футбол аулалық кешендерін орнатты. Білім гранттарына 300 млн теңге бөлді. Биылғы оқу жылында 12 студент «Халық» қорының 100% грантымен оқыды, оның алтауы халықаралық «Мирас» мектебінің IB дипломын алып, әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсті.

 «Балалар – еліміздің болашағы, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыру біздің мақсатымыз.  Біз, ересектер, әрбір баланың өз әлеуетін ашуға және бүкіл қазақ қоғамының дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар әлем құра аламыз», — деді «Халық» қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов.

Биылғы жылы Балаларды қорғау күніне орай «Халық» қоры Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 17 ойын бөлмесін ойыншықтармен қамтамасыз етті. Мұнда жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарынан ауыр диагноз қойылған 5 мыңнан астам бала жатқызылады.

Сондай-ақ, «Халық» қорының «Ауыл футбол» жобасына енген мүмкіндігі шектеулі балалар командасын балалар күнімен құттықтап, 15 балаға шағын сыйлық табысталды. Орталықта әртүрлі мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтену және дене шынықтыру дағдылары қалыптасады.

Балаларға арналған әндер арқылы қазақ тілін үйренуге арналған оқу-әдістемелік құрал шығару жобасын қолдап, композитор, әнші, педагог және профессор Назымбек Дүкенбайдың балаларға арналған кітабының шығуына қолдау көрсетілді.

Тегтер: «Халық» қайырымдылық қорыбалаларБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz