Салдарынан көпірге жақын жерлердегі жағалау шөгіп, беткейлердегі топырақ шайылып кеткен. Бұл көпірді аппаттық жағдайға әкелуі мүмкін. Мәселе, Ават ауылдық округіне қарасты көпірді (Приканальная БАК) визуалды тексеру кезінде анықталды.
Сондықтан көпірдегі көлік қозғалысы шектелді. Қазіргі уақытта, жүргізушілер үшін қауіпсіз айналма жол Құлжа тас жолы мен Талғар-Есік-Бәйдібек би жолдары ашық.
Көпірдің қашан қайта қолданысқа берілетіні құзырлы мекемелердің сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
Осыған байланысты, Алматы облысының әкімдігі аудан тұрғындары мен қонақтарын жоғарыда айтылған мәселеге байланысты, түсіністікпен қарауларын сұрайды.