Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында қандастар бір жылдан бері азаматтыққа қол жеткізе алмай жүр

Олар Ішкі істер министріне хат жазды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

30.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Өзбекстан мен Қытайдан қоныс аударған қазақтар Жамбыл аудандық көші-қон қызметкерлерінің жұмысына наразы. Ата жұрттың азаматы атану арманға айналды деген ағайын «полиция сан түрлі сылтау айтып күнде ертеңмен сандалтады» деп отыр.

Мәселен, Салтанат Телешбаеваны мемлекеттік емханалар тіркеуге алмайды. Басы ауырып, балтыры сыздаса келіншек үйінде емделуге мәжбүр. Үш баласын да жекеменшік балабақша мен мектепке берген. Себебі Өзбекстаннан қоныс аударған әйел азаматтық ала алмай жүр.

«Жекеменшікке барамыз. Басқа жер бізді қабылдамайды. Емделудің өзі қиын. Босандым. Онда да жекеменшікке бардық. 300 мың теңге кетті. Үкіметтің перзентханасына бару үшін құжатымыз жоқ. База істемей жатыр деп бір жыл жүрді. Сосын келдік. Бір жетіден кейін келіңдер. Бір жетіден кейін келеміз. Ертең келіңдер дейді. Сол айтатын әңгімелері», — дейді Салтанат Телешбаева.

Жамбыл ауданында 30-ға жуық қандас бар. Барлығы осы полиция бөлімшесіне күнде келеді. Бірақ оларды «жүйе істен шықты, қызметкер жетіспейді» деп күнде шығарып салатын көрінеді. Айтуларынша, көші-қон қызметкерлері ақша дәметеді.

«Азаматтық алу екі айға созылу керек. Бірақ базаға байланысты созылып кеткен. Ыхтияр хат пен азаматтыққа жауапты қызметкер өзінің өтініші бойынша жұмыстан шеттетілді. Жақын арада орнына адам келеді. Оны басшы құрамы жақын арада шешеді деп ойлаймын», — деді Жамбыл аудандық көші-қон қызметінің аға инспекторы Бақберген Тәттібаев.

Жамбыл ауданында ыхтияр хат, қандас мәртебесі мен азаматтық алу машақатын жіпке тізген ағайын Ішкі істер министріне хат жазды. Олар Марат Ахметжановтан аудандағы көші-қон қызметінің жұмысын реттеп беруді сұрайды.

Тегтер: қандастар

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz