Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

2024 жылдың бірінші тоқсанында Мемлекеттік корпорация өз күшімен мемлекеттік қызмет көрсету барысында тіркелген 1319 бұзушылықты анықтады. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 249 бұзушылықты құраған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

— Мемлекеттік корпорация анықталған фактілерді құқық қорғау органдарына беріп, нәтижесінде 12 қылмыстық іс қозғалды.

— «Азаматтарға арналған үкіметтің» 90 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2 қызметкердің лауазымы төмендетілді, 9 қызметкермен еңбек шарты бұзылды.

— Бұзушылықтар ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызметінде, жылжымайтын мүлікті тіркеуде, жер кадастрында және т. б. бойынша анықталды.

— Бұл фактілер бойынша Алматы қаласы, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.

Осы орайда, Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанатынын атап өтуіміз керек. Қауіпсіздік қызметінің мамандарымен бұзушылықтарды ашу бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» құқық қорғау органдарымен өзара  тығыз байланыста және анықталған құқыққа қарсы іс-қимылдар туралы барлық фактілер дереу қарастыруға жіберіледі.

Қазіргі уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» пен ҚР ҚМА арасында бірлескен Меморандум әзірленуде. Ол көлік құралдарын мамандандырылған ХҚКО-ларда заңсыз тіркеуге қарсы күрес жүргізу барысында тараптардың ынтымақтастығын нығайтуға және күш-жігерін үйлестіруге бағытталған.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 16 қазанынан бастап сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерін азайту үшін Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтихандардың өткізу тәртібін қатаңдатуға мүмкіндік беретін 3.0 ЖЖЕ жүйесін енгізгенін еске саламыз.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz