Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында 300 су қойма штаттық режимде жұмыс жасап тұр

Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты. Қазіргі таңда жауаптылар су қоймаларына жүйелі түрде бақылау жүргізу үстінде. Штаттық режимде жұмыс істеп тұрған су қоймаларының сыйымдылығы 97 пайызға жеткен, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар

Мамандардың айтуынша, қарғын судан келер қауіп жоқ. Өйткені, жоспарға сәйкес, облыста «2024 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық» бойынша айлық негізінде бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтсақ, өңірдегі елді мекендерден мекендерден 3,7 мың текше метр қар шығарылып, 347 шақырым арық пен 156,9 км арналар, 157 бірлік су өткізу құбырлары мен 82,1 шақырым су бұру каналдарының тазартылған. Бұдан бөлек, «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында 6 су тасқыны қаупі бар учаскелерде 1,8 шақырым арықтар, 35 автожолдар астындағы су өткізу құбырлары тазартылып, 150 мың текше метр қар тазаланды.

Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азамато өңірде 310 су қоймасы барын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен облыстың «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» сияқты ірі су қоймаларын толтыру штаттық режимде жұмыс жүріп жатыр. Су деңгейі арнасынан асқан жоқ», — деді Дәурен Азаматов.

ТЖД өкілі Іле ауданы Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылғанын айтты. Сөзіне сенсек, қауіптің алдын алу жұмыстары толық атқарылып, құрбандар мен зардап шеккендер анықталмаған.
Ал, Алматы облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Ернар Бердақын, аталмыш мәселеге қатысты түсінік беріп өтті. Ол Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылу бойынша облыстық прокуротурамен ҚР Қылмыстық кодексінің 371 бабы «Салғырттық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда іс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.

Жауаптылар, қызыл су деңгейінен асса, халыққа көмек көрсетуге 471 бірлік техника, 126 мотопомпалар, 29 бірлік жүзу құралдары мен 1326 адам жұмылдыратынын алға тартты.

Тегтер: су тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz