Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 187,5 мың га жер цифрлық көшірмеге енгізілді

Ашықтық - мемлекет пен бұқара арасындағы байланыс құралы. Жергілікті атқарушы билікпен атқарылып жатқан жұмыстардан қараша хабардар болуы үшін таңдалған бірегей шешім. Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен ондағы бастамалардың тиімділігін ашық көрсету үшін сансыз жобалар қолға алынған, соның бірі – «Цифрлық көшірме» деп аталады. Алматы облысында да аталмыш жоба барлық саланы қамтып, іске асырылу үстінде. Бұл туралы аймақтағы басты ақпараттық алаңда айтылды.

Мөлдір Иманмади
01.04.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазіргі таңда Алматы облысының цифрлық көшірмесінде құрылыс басқармасының атқарар жұмыстары мен нысандар туралы да ақпараттар орналастырылған. Аталмыш басқарманың басшысының орынбасары Серік Наурызғалидің айтуынша, бүгінде платформада 2024 жылы қолданысқа берілетін 38 медициналық нысан туралы толық мағлұмат бар.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде бой көтеретін білім ошақтарының нысандары жайлы егжей-тегжейлі мәліметтер цифрлық көшірмеде көрсетілген.
«Барлық жұмыстар ашық көрсетіледі. Мысалы, «Жайлы мектеп» аясында 53 мектеп салынады. Оның 26-ы биылғы жылы құрылысы жүргізіліп басталса, 2025 жылға қарай қалған 27 мектептің қолданысқа беріледі деп күтілуде. Осы нысандардың барлығы цифрлық көшірмеде жазылған»,-дейді Бағлан Серікұлы.
«Алматы облысының цифрлық көшірмесінде» нысанның атауынан бөлек, оған жұмсалатын қаржы, қолданысқа берілетін уақыты мен құрылысқа жауапты мердігер компания туралы барлық мәлімет көрсетілген. Бұл мемлекеттік қызметтің ашықтығына кепіл, дейді жауаптылар.
Цифрлық көшірме тек зәулім ғимараттарды ғана есепке алмайды, мұнда жер телімдеріне қатысты ақпарларды да ақтарып, қарауға мүмкіндік бар.
Алматы облысы жер қатынастары басқармасы басшысының м.а. Артықбай Болғанбаевтың сөзіне сүйенсек, аталған платформаға өткен жылдан қалған және биыл жыл басынан бері анықталған пайдаланбай жатқан 187,5 мың га жер енгізілген. Еске саламыз, облыс аумағында мемлекет меншігіне 28,7 мың га жер учаскелері қайтарылған. Соның ішінде 16,2 мың гектар жер соттың шешімімен мемлекет меншігіне өтсе, 12,5 мың га жер ерікті негізде қайта қайтарылған.
Айта кету керек, цифрлық көшірмеге енгізілген жер телімдері санатына қарай түрлі-түспен белгіленеді.
Артықбай Қуанышбекұлы, платформада әлі де қарастырылуға тиісті жайыт барын жасырып қалмады.
«Суармалы, жайылым жерлер мен мал ұстау орындарын тиісті түспен белгілеп отыру көп уақытты алады. Осыған орай аптасына бір рет аудан және қала әкімдіктерімен ұсынған ақпарат негізінде excel форматқа жинақтап, барлығын бір мезетте енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет. Осы тұстар реттелсе, базада жұмыс жасау әлде қайда тиімді болады»,-деді Артықбай Болғанбаев.

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz