Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көрнекті жазушы, журналист өмірден өтті

Көрнекті жазушы, журналист, драматург, "Құрмет" орденінің иегері, қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер Медеу Сәрсеке өмірден өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Медеу Сапаұлы қазақ кен-металлургия институтын бітірген соң «Жас Алаш» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Семей цемент зауытында мастер, аға диспетчер, өнертапқыштар бюросының бастығы, «Егеменді Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, Қазақстан жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінде жауапты хатшы қызметін атқарған.

Медеу Сапаұлы өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүріп, «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Сондай-ақ өзі еңбек ететін кенді Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық», «Көмбе» романдарын жазды. «Сәтбаев», «Ебіней Бөкетов» атты деректі ғұмырнамалары мен «Шығыс хикаясы» пьесасы оқырманның жүрегінен орын алды. А.Беляевтің «Қос мекенді адам» романын қазақ тіліне аударды. Медеу Сапаұлының академик Қ. Сәтбаев жайлы «Планета Сатпаева» және «Через тернии» кітаптары әлемнің 112 еліне тараған.

Тегтер: жазушылар одағы

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz