Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тамшылап суарылатын егістік көлемі ұлғаяды

Облыс орталығы Қонаевта тамшылап суарылатын егістік көлемі ұлғаяды. Бұл туралы Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев аппараттық кеңес барысында мәлім етті.

Мөлдір Иманмади
18.03.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: world-nan.kz

Фото: world-nan.kz

«Биыл егістік алқабының көлемі 14 812 га құрайды деп жоспарлап отырмыз. Шаруалардан жеңілдетілген дизель алу бойынша өтінімдер қабылдануда», — деді әкім.

Нұрлан Құматаевтың сөзінше, қазіргі таңда 920 га егістікте тамшылап суару технологиясы қолданылады. Оның ішіне 4 жылыжай да кіреді. Биыл аталған технологияны қосымша 278 га жерге енгізу көзделген.

«Бұдан бөлек, 5352 га алқапта су үнемдеу технологиясын қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, арнайы құрылғыларды әзірлейтін «Жібек Жолы», «Акплас», «Мецер.кз», «BNK Group», «SAPA Irrigation» ЖШС-мен келіссөздер жүріп жатыр», — деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ ол Шеңгелді ауылының шаруалары «Алтын Орда» базарында пиязды саудалап жатқанын айтты.

«Жуаны экспортқа шығару үшін ірі кәсіпкерлер тартылып жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасады», — деді Нұрлан Құматаев.

Жалпы биыл көктемгі дала жұмыстарына 338 арнайы техника жұмылдырылмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласытамшылатып суару

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz