Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктер аталды

Қаржы министрі Мәди Такиев биыл қаңтар-ақпанда бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады, хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2024
Жаңалықтар

«Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 3 трлн 224 млрд теңге түскен. Республикалық бюджетке 1 трлн 902 млрд теңге кіріс түсті. Кіріс бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмаған. Бұл – импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы», — деді министр Үкімет отырысында.

Мәди Такиевтің айтуынша, республикалық бюджет бойынша 3,7 трлн теңгеге шығыс жүргізілген.

«70 млрд теңге атқарылмады. Оның ішінде 25 млрд теңге үнемделді, ал 45 млрд теңге игерілмеді. Ең көп игерілмеу сомасы Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктерінде және Мемлекеттік күзет қызметінде тіркелді», — деді министр.

Қаржыны игермеудің негізгі себебі төмендегідей:

• 670 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізілмеген;
• 19 млрд 214 млн теңгеге конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерінің ұзаққа созып өткізілуі.

2024 жылғы ақпанда жергілікті бюджеттердің шығысы 1 трлн 409 млрд теңге болды, ал 74 млрд теңге атқарылмады.

«Биыл өңірлерге 1,8 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 наурызға 74 млрд теңге бөлінді. Олардың 90,7 пайызы игерілді. 7 млрд атқарылмады. Оның ішінде 1 млрд теңге үнемдеу, ал 6 млрд теңге игерілмеді. Қаржыны көп игермеу Астана қаласы, Қарағанды, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тіркелді», — деді Мәди Такиев.

 

Тегтер: Басты жаңалықтарбюджетүкімет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz