«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасады.
«Заң жобасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, заң жобасында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруге, ұрып-соғуға, 16 жасқа толмағандарды жыныстық қудалауға, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттауға және басқаларға бағытталған әрекеттерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған», — деді депутат Жұлдыз Сүлейменова.
Оның айтуынша, заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар мыналарға бағытталған бірқатар түзетулер енгізді:
- отбасын қолдау орталықтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету, оларға уақытша тұру мүмкіндігін беру бөлігінде құзыреттерін нақтылау;
- ықтары жөніндегі уәкілдердің қызметін реттеуге қатысты түзетулер енгізілді.Сонымен қатар, депутаттар нормаларды құқықтық техникаға сәйкестендіруге бағытталған редакциялық түзетулер мен толықтырулар енгізді, бұл заң жобасының мазмұнын сапалық жағынан жақсартты», — деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.жеңіл зиян келтіргені үшін және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібін реттеу;
- қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынатын балалардың (16 жасқа дейінгі тұлғалардың) жасын анықтау;
- 16 жасқа толмаған адамдарды жыныстық қудалау үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту;
- татуласуына байланысты сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға сот белгілеген арнайы талаптарды қолдану шараларын түсіндіру.