Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Көп қабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын қолдануға тыйым салынады

Апат айтып келмейді, қатерде аяқ астында. Бүгінде төтенше жағдайлар жиі орын алуда. Әсіресе, газ баллондарының жарылуынан оқыс оқиғалар қайталануда. Сол себепті газбен жабдықтау нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау қатаң бақылауда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
28.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Артем Устюжанин / E1.RU

Фото: Артем Устюжанин / E1.RU

Тиісті мекемелерде қажетті шаралардың жүзеге асуын Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда департамент тұтынушыларды табиғи газ желілеріне қосатын 13 газ тарату ұйымы, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және өткізу бойынша 8 газ толтыру станциясы , оның ішінде 4 газ толтыру пунктін сондай-ақ, 249 автогаз құю станциясына өзіндік бақылау жүргізеді.

 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ринат Рахумбулеков өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының аудандық бөлімдерімен бірлесіп әлеуметтік нысандарға рейдтік тексерулер жүргізілетінін айтты.

Спикердің сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері екі рет тексеру жұмыстары өткізілген. Әзірге құқық бұзушылық анықталмаған.
Газ тұтыну жанға жайлы болғанымен дұрыс пайдаланбаған жағдайда қауіп тудыратынын анық. Жауапты маман, өткен жылы облыста тұрмыстық баллондарды дұрыс қолданбаудан 13 төтенше жағдай тіркелгенін алға тартты.

 

«Газ баллондарын дұрыс пайдаланбау және сақтау ауыр апаттар мен жарақаттарға әкелуі мүмкін. 2 қабаттан биік үйлердің пәтерлеріне тұрмыстық баллондарды орналастыруға және пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, автогаз құю станцияларында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға болмайды»,-деді Ринат Рахимбулеков.

Тегтер: Басты жаңалықтаргаз баллонтұрмыстық баллон

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz