Жамбыл облысы полиция қызметкерлері қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі. Олардың алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы ұрлап, содан кейін оларды сойып сатумен айналысқаны белгілі болды.
Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, олардың бұдан басқа 4 мал ұрлау дерегіне қатысы бары және ұрланған 5 жылқыны сойып сатқаны анықталды.
Қазір бұл дерекке қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал «мал ұрысы» республикалық iс-шарасы облыс аумағында 23 ақпанға дейін жалғасады.