Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта «Строительная» саяжайындағы 1-ші трансформатор іске қосылды

2024 жылдың 7 ақпанында Қонаев қаласындағы «Строительная» саяжай алқабындағы -ші трансформатор халық игілігіне берілді. Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мөлдір Иманмади
09.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Саяжайдағы электр желісін қала балансына алу жұмыстары 2023 жылы басталып, 11 трансформатор қойылған. Содан бері құжаттарын реттеумен болды. Қалған ток беруші құрылғылар кезең-кезеңімен қосылады. Енді тұрғындар жарық ақшасын бекітілген тариф бойынша төлейді. Ал бұрын кВт-на 2-3 теңге артық төлейтін.

«Саяжайда 2004 жылдан тұрамын. Әу баста жарықпен мәселе болған жоқ, өйткені халық саны аз еді. Кейін тұрғындар тығыз қоныстана бастады. Суды тасып ішкен күніміз де болды. Әлі де мәселелер жеткілікті. Мысалы, тұрғындар жарыққа миллиондап қарыз боп тұр. Соған қарамастан, былтыр 11 трансформатор қойылып, биыл 1-шісі жұмыс істей бастады. Қуаныштымын», — деді тұрғын Бұрыл Айдарова.

Бұрыл апамыздың сөзімен Разиқа Ұзақова да келісіп отыр.

«Бұрын жағдайымыз қиындау еді. Былтырдан бері бізде жарық мәселесі шешіліп келеді. Күні кеше 1-ші трансформатор іске қосылды. Саяжайда көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар көп. Басшылықтың қарайласып, қолдау көрсетіп жатқанына алғыс айтамыз. Қаладағы мәселелер біртіндеп шешімін табатынына сенімдіміз», — деді ол.

Бүгінде саяжай жұртының қарызы 19 млн. теңгеге жеткен. Берешегі бар тұрғындар электр желісіне кейінірек қосылады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта, Қонаев қаласындағы «Строительная» саяжай алқабында 1240 абонент бар.

Тегтер: «Строительная» саяжайытрансформатор

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz