Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Қызылордада жағажайда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Қызылорданың қалалық жағажайында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

26.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Оқиға 25 шілдеде сағат 16:24 шамасында болған. Қалалық жағажайда суға түсіп жүрген жасөспірім суға батып кеткен.

«Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түсті. Онда жағажайда суға жүзіп жүрген баланың суға кеткені анықталды. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техника мен 6 құтқарушы барды. Жасақ қызметкерлері жасөспірімді батқан жерінен тапты. Баланың қаладағы мектептің бірінде тоғызыншы сынып бітіргені анықталды», — деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Айта кетсек, биыл Қызылорда облысында 23 адам суға кетіп қаза болды. Оның 8-і бала.

2021 жылы облыстың су айдындарында 37 адам көз жұмса, 21-і кәмелеттік жасқа толмағандар.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 2 жасар сәби үрлемелі бассейнге батып кеткен еді.

Тегтер: жағажайҚызылордаоқиға

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz