Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында көп балалы ана үшемді дүниеге әкелді

33 жастағы көп балалы ана үшем босанды. Екі қыз және бір ұл дүниеге келді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
09.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам
Фото: Қонаев қалалық ауруханасының баспасөз қызметі

Фото: Қонаев қалалық ауруханасының баспасөз қызметі

Көп балалы ана үш баланы бірден жүрегінің астына алып жүргенін жүктіліктің ерте мерзімінде білген. Сәбилер мерзімінен бұрын, 32 аптада кесір тілігі арқылы дүниеге келді.

«Балалар 2170, 1490, 1900 грамм салмақпен дүниеге келді. Алғашқы күндері олардың жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратында болды. Акушер-гинекологтар мен медбикелердің бақылауымен үш аптаның ішінде жаңа туған нәрестелердің әрқайсысы 300-ден 700 грамға дейін салмақ қосты», – дейді акушер Гүлжахан Сыздыққызы.

Бақытты ата-ана Шолпан Мамашева мен Жарқын Бағлаев қыздарына Дильназ және Гүлназ есімдерін таңдап, ұл балаға Жамбыл ауданындағы Мыңбаев ауылының әкімі құрметіне Темірлан есімін беруді жөн көрген.

«Мен екінші рет үшемді дүниеге әкелдім. 2020 жылы табиғи жолмен босандым. Бірақ менің және балаларымның жағдайы өте ауыр болды, дәрігерлер бір ғана баланы аман алып қалды. Бұл жолы мұқият дайындалып, білікті дәрігерлерді таңдап, алдын ала барлық қажетті процедуралардан өттім. 32 аптада Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының перзентханасына жатқызылып, жоспарлы түрде кесір тілігімен босандым. Сәбилер шала туылғандықтан, олардың жағдайы ауыр болды. Бірақ мен дәрігерлерге сеніп, кішкентай періштелеріммен кездесуді күттім. Қазір босанғаннан кейінгі үшінші аптада мен балаларыммен қуана қауыштым. Мен қазір сегіз баланың анасымын, – дейді қуанышпен Шолпан Мамашева.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаркөп балалы анаүшем

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz