Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында балабақшаларға арналған пилоттық жобасы іске қосылады

Жоба, Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында бастау алады деп хабарлайды, Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мөлдір Иманмади
07.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы облысында халық саны көп болғандықтан мектепке дейінгі тәрбие жасындағы бала саны да басы. Бүгінде аймақта, 1150 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды.Соның ішінде 84,4 пайызы жекеменшік балабақша болып тұр. Жалпы 2 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші -93,7 пайыз. Сандар сөйлегенімен әлі күнге балабақшада кезекте тұрған бүлдіршіндер жетерлік. Осыдан қарап, мектепке дейінгі білім мекемелерінде орын тапшылығы барын аңғаруға болады. Кез келген саланың дамытудың басты факторы- қаржы. Балаларға сапалы білім беру жолында қаражатты бөлу шешуші рөл атқаратын іс екені айқын. Сол себепті, бюджет қаржысын оңтайлы пайдалану үшін арнайы тетік ойластырылуда.
Жауапты мамандар, балабақшадағы бар іске бақылау жүргізудің басты жолы, интеллектуалды биометриялық сәйкестендіру деп аталатын жоба дейді.
Аталмыш жоба балалардың жеке меншік балабақшаларға баруын есепке алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалғанын анықтауға болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында сапалы жаңа мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізу бойынша тапсырма берген. Осыған байланысты, Цифрлық технологиялар басқармасымен білім беру саласында аталған мәселелерді шешуге арналған жан-жақты қарастырылған жоба әзірленді. Жобаның артықшылығына тоқталатын болсам, біріншіден ел арасында жоғары сенімділік туғызады. Екіншіден, интеграцияның ыңғайлылығы мен бюджет шығындарын оңтайландыруға септігін тигізеді. Жүйе, пилоттық режимде Іле және Еңбекшіқазақ ауданында іске асырылады деп жоспарланған»,-деді Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Сәбит.
Еске салайық, жүйе облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қолданысқа өтеді. Мамандар, пилоттық жобаны үш ай көлемінде бақылауға алатынын жеткізді. Оң нәтиже беретін болса облыс көлемінде іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz