Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

Апаттар мен оқиғалардың негізгі себептері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан орын алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Қадыров Ерлан баяндады.

Мөлдір Иманмади
05.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аталған департамент ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес Мемлекеттік қызметтің 4 түрін ұсынады. Мәселен, есепке қою және есептен шығару, қауіпті өндірістік объектіні салуға,реконструкциялауға, жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу істері атқарылады. Сонымен қатар, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатамалар жасау. Емтихан алатын комиссия мүшелерінің білімін тексеруде департаменттің құзыретіне кіреді.
Спикердің айтуынша, былтыр қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға 117 жоба қаралды. Оның ішінде 103 жобаға рұқсат берілді. Ал, техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша департаментке 983 өтініш келіп түссе, 27 өтініш бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуге қатысты болған.
Ерлан Қадыров, ҚР Азаматтық қорғау туралы Заңының 79-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері мен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырып, нәтижесінде сертификаттар берілетінін айтты.
«Облыс бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтар тіркелген жоқ»,-дейді Ерлан Қадыров
Еске салайық, қызметтерді алу үшін өтініштерді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жіберуге болады.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz