Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Қонаевта 1000-нан аса бала дүниеге келген

Қонаев қаласында демографиялық өсім жоғарылап келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

10.11.2023
Аймақ

Жыл басынан өңір орталығында 9 егіз дүниеге келген. Бақанастық Гауһар Нүсіпбай төртінші баласын құшағына алған ананың бірі. Төрт баланың үшеуі кесір тілігінің көмегімен дүниеге келген. 28 жастағы көпбалалы ананың Қонаев қаласындағы перзентхана ұжымына айтар алғысы шексіз.

«Қанша мәрте баланы өмірге әкелсең де, перзентханаға келген сайын бойыңды қорқыныш пен үрей қатар билейтіні бар. Ал ақ халаттылардан жылы сөз есту, қолдау көру жаныңа медеу сыйлайды», – дейді жас ана.

Бұл перзентханада 30-дан аса маман қызмет етеді. Оның төртеуі гинеколог, алтауы акушер, 3 неонотолог дәрігер мен 16 медбике бар. Жүкті келіншектермен жұмыс жүргізу оңай емес. Әр анамен жеке тіл табысу, сәбиді дүниеге әкелгенге дейінгі, кейінгі кеңес пен қолдау көрсету тағы бар. 17 жылдан бері осы салада талмай еңбек етіп келе жатқан білікті маманның қатарында Раушан Әбдуғалиева да бар.

«Келіншектер түрлі диагнозбен келеді. Қан қысымы жоғары болып, кейде жан сақтау бөліміне жатқызамыз. Кесір тілігімен баланы алатын кездер де кездеседі. Барлығы аман-есен үйлеріне шығарылады. Ауыр оталар жасап, аналарға қажетті ем-домды да көрсетеміз», – дейді қалалық көпсалалы ауруханасының перзентхана бөлімінің меңгерушісі, акушер-гинеколог дәрігер.

Демография — мемлекет дамуының кепілі. Ал бала қазақ үшін ұрпағының жалғасы. Елімізде көпбалалы болуды қалайтын отбасылар көбеюде. Сондықтан халық санының 20 миллионға жетер күнде алыс емес. Айта кетерлігі, қалалық емханада аналарға медициналық көмек МӘМС аясында тегін көрсетіледі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz