Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Ақтөбе полициясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті кәсіпкерлерді бопсалады деген күдікпен қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

25.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ құрамында деструктивті ағым жетегінде жүрген алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет екі жас жігіттен ақша бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Сонымен бірге олардың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Егер қылмыстың осындай түріне тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз», — деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде 66 жастағы зейнеткер өзінің жылжымайтын мүлкі мен барлық қаражатынан айырылғанын хабарладық.

Шілде айында өзін банк қызметкерімін деп таныстырған белгісіз ер адам зейнеткерге қоңырау шалған. Алаяқ мұндай операцияны әдеттегі жұмыс деп түсіндірді. Тіпті жәбірленушіге банк шотын қорғау туралы ұсыныс айтты. Сөйтіп күдікті зейнеткерден барлық жинағын депозиттен «қауіпсіз» шотқа аударуды сұрады. Тіпті мүлкін сатуды ұсынды. Жәбірленуші алаяққа сеніп, жалпы көлемі 24 млн теңге ақшасынан айырылды.

Тегтер: қылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz