Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ескерткіштер жобасына байқау жарияланды

Алматы облысының Райымбек, Ұйғыр аудандарында бірнеше танымал тұлғаға ескерткіш орнатылмақ. Осыған орай облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ескерткіштің таңдаулы жобаларына республикалық ашық конкурс жариялайды.

03.11.2023
Аймақ

Атап айтқанда, Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында мемлекет қайраткері Ораз Жандосовқа, Үлкен Дихан ауылында Заманбек Батталхановқа ескерткіш-бюст, Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында жазушы Бердібек Соқпақбаевқа ескерткіш қойылмақ.

Конкурсқа жеке авторлар және авторлық коллективтер қатыса алады. Өтініш қабылдау мерзімі – 2023 жылғы 1-20 қараша аралығы. Конкурс орнатылатын ескерткіштің тарихи бейнесін ашып, мүсіндік-көркемдік шешімін табу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ұсынылатын жобалар жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс.

Ораз Жандосов пен Бердібек Соқпақбаевқа арналған ескерткіштер жобасына жарияланған байқауға өтініштер қабылдау 2023 жылдың 1-қарашадан бастап, 15-желтоқсанда аяқталса, Заманбек Батталхановқа арналған ескерткіш жобасының конкурсына өтініш қабылдау 20-қарашада жүреді. Конкурстық жоба ұсыныстарының құрамы мен талаптарын Қонаев қаласы 1-ықшам ауданы № 45-ғимараттағы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы № 23 бөлмеден алуға немесе 8 775 686 06 10 телефоны арқылы білуге болады.

Тегтер: Алматы облысыбайқауескерткіш

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz