Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Көлсай көлдері аумағына электромобильдердің ғана кіруіне рұқсат берілуі мүмкін

Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына тек элекромобильдерді ғана кіргізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған.

17.10.2023
Саясат

«Электромобильдердің саябақ (Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі) аумағына ерекше кіру мәселесін Экология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп пысықтауда. Ұлттық парктегі ауаның пайдаланылған газдармен ластануына келетін болсақ, қазіргі уақытта Көлсай көлінен 2 шақырым жерде, жергілікті атқарушы органның аумағында автотұрақты орналастыру мәселесі пысықталуда», — деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Оның атап өтуінше, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңның 23-бабына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді. Осыған байланысты 2007 жылдан бастап ұлттық парктің жері жеке меншікке берілмеген.

«Қазіргі уақытта ұлттық паркте 2 ұзақ мерзімді және 8 қысқа мерзімді пайдаланушы бар. Парк жерінің барлық пайдаланушысы өз қызметін азаматтық заңнамаға сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді пайдалану шарттары негізінде жүргізеді. Құрылыс эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттамамен бірлесіп жүргізіледі. Бүгінгі таңда құрылыста бұзушылықтар анықталған жоқ», — деді Тамара Дүйсенова.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алкоголизм – қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
23.07.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Диана Ахметова
23.07.2026

Алматы облысында жабайы қарасора жинаған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
23.07.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Диана Ахметова
23.07.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Диана Ахметова
23.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz