Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Неке қиюға өтініш білдіргендер тегін кеңес алып, арнайы нұсқаулықпен танысады – министр

Қазақстанда неке қиюға өтініш білдірген жұптар отбасын жоспарлау туралы кеңес алып, арнайы нұсқаулықпен танысуға міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында айтты.

17.10.2023
Саясат

«Профилактикалық жұмыстардың негізі – отбасын саналы түрде құруға мүмкіндік жасау. Осыған орай, БҰҰ Халық қорымен бірлесіп Астана мен Шымкент қалаларында пилоттық жоба іске қосылды. Онда неке қиюға өтініш білдірген азаматтарға отбасын жоспарлау, психология, репродуктивті денсаулық, ортақ бюджетті жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер бойынша тегін кеңес беру, оқыту қарастырылған. Нәтижесі сәтті болса, осы тәжірибені барлық өңірлерге енгізуді қолға аламыз», — деді Аида Балаева Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін «Бақытты қазақстандық отбасы» интерактивті нұсқаулығы әзірленеді. Некеге тұратын жұптардың отбасылық дәстүрлері мен рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ақпараттар «Электрондық үкімет» жүйесінде бейнеролик түрінде көрсетіледі.

Некеге тұруға онлайн өтініш берген азаматтар осы нұсқаулықпен міндетті түрде танысып шығуы тиіс.

«Қазір елімізде Отбасы саясаты бойынша 469,3 млн теңгені құрайтын 156 әлеуметтік жоба бар. Бөлінген қаржының 40% тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бөлінген, 25%-жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, 10%-халық арасында репродуктивті денсаулықты сақтауға, 15%-жағдайы төмен отбасылармен профилактикалық жұмыстарға, 10%-басқа бағыттарға жұмсалуда», — деп түсіндірді министр.

Бұған дейін А. Балаева статистика көңіл көншітпейтінін, 4 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмғанын айтқан еді.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz